Нұрсұлтан Назарбаев: Бесігіміз түзелмей, несібеміз артпайды

Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі.

Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ.

Әйел өзін сенімді сезінген жерде – отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.

Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді.

Әйелдің жағдайы қандай болса, қоғамның жағдайы да сондай болады.

Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес.

Әр бір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!

Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.

Еңсесін енді көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде болек.

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсағаман қазақты қазақ деп айтудың өзі қиындау.

Жаңа үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, сол үйдегі теңнің жиюымен, демек, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Егер сыпайылылық адам көркі десек, ол дарынды жастарды одан әрі көріктендіре түседі.

Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.

Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгіне ағып жүретіндей болуы тиіс. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Өзекжарды ойлар» кітабынан

Ерболат АйтбайұлыЕрболат Айтбайұлы
9 лет назад 5548
2 комментария
  • Машалла! Елбасымыз аман болсын! Кемеңгер тұлғаның керемет сөздері бойымызға жігер, ертеңге деген сенімімізді шыңдай түскендей. Ерболат аға осы жазбаның аудио нұсқасын хикмет студиясының дүниелерінің арасынан көргіміз келеді.
    9 лет назад
  • Елбасы ұзақ жасасын
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир