Егер ауырғың келмесе...
...Сезімдеріңді білдір!
Жасырылған яки зорлықпен іште сақталған сезімдер мен түйсіктер гастрит, язва (ойық жара), грыжа және бел ауруларына апарып соқтырады.
Уақыт өте келе, сезімдерді бұқпалау қатерлі ісік ауруына айналады.
Демек, сезімдерімізді, іштегі ойларымызды бірбірімізбен бөліскеніміз жөн!
Сұхбаттасу, дидарласу, сөз алмасу – өте күшті дауа һәм керемет әсерлі терапия екенін білгейсіз!
Егер ауырғың келмесе...
...Шешім қабылдағайсың...
Шешімсіз адам сенімсіз, уайымшыл және қорғалағыш келеді де қиналады.
Шешімсіздік проблемаларды, алаңдаушылықты һәм қақтығысты көбейтеді.
Адамзат тарихи шешімдерден құралады.
Шешім қабылдау, өзгелердің де табысқа жетуіне жол ашуды үйретеді, кейде өзінің оңтайлы тұрғысынан бас тартуды қажет етеді.
Шешімсіз адамдар асқазан аурулары мен жүйке және тері ауруларының құрбанына айналады.
Егер ауырғың келмесе...
...Болғаныңнан басқаша көрінбегейсің...
Шындықты жасыратын, өтірік рөл жасайтын, өзін бақытты адам кейпінде көрсете беретін, дандайсыған тәкаппарлар таудай ауыр жүкті арқалап алғанын біле ме екен?
Бұл басы алтын аяғы балшық мүсін сияқты!
Алдаушы көрініспен өмір сүргендей зияндысы жоқ ден саулыққа!
Мұндайлар ертелі-кеш дәрі-дәрмектің, аурухана мен аурудың тұтқыны болмақ!
Егер ауырғың келмесе...
...Мойындауды үйрен!
Мойындамастық пен өз-өзіне деген құрметтің тапшылығы адамды өзіне бөтен етеді.
Адамның алдымен өз-өзімен тату болуы ден саулықтың алтын кілті.
Осыны мойындамайтындар қызғаншақ, іштар, еліктегіш, елеурегіш және зақымдағыш келеді.
Өзіңе айтылған сындарды қабылда!
Бұл даналық, ақылдылық һәм терапия (емдеу).
Егер ауырғың келмесе...
...Шешімдер тап...
Мінезі нашар адамдар шешім таба алмайды да проблемаларды үлкейтеді.
Олар ренжуді, өсек пен ғайбатты, зиянкестік пен қиянатшылдықты таңдайды.
Қараңғыны жою үшін сіріңке жағу шарт.
Ара кішкентай ғана болғанымен әлемдегі ең тәтті тағамның бірін өндіреді.
Нені ойласаң – солсың.
Теріс ойлау ақыры ауруға айналатын негативті энергия (жағымсыз күш) өндіреді.
Егер ауырғың келмесе...
...Сен...
Сенбейтін адам қатынас орната алмас, ашық-жарқын бола алмас, тамыры терең достықтар орната алмас, сенімді серіктік таба алмас.
Сенім болмаса қарым-қатынас та болмас.
Сенімсіздік сендегі иманның жетіспеуінен.
Бұл да өмірге қауіп төндіретін аурулардың қоздырушысы.
Егер ауырғың келемес...
...Өміріңді мұңаюмен өткізбе...
Әзіл. Күлкі. Тыныштық. Қуаныш.
Бұлар ден саулықты нығайтады, өмірді ұзартады.
Бақытты адам айналасына керемет сезім сыйлайды.
“Әдемі әзіл емшінің қолынан сақтайды” деген сөз бар.
Бақытты болу да саулықтың емі.
Dr. Dráuzio Varella
САУЛЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ (Егер ауырғың келмесе...)
|