Жерді жарып, таудан асып көр кәне?!
ХIV-XV ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы бабамыз адам баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айта келіп: Арғымаққа міндім деп,Артқы топтан адаспа.Күнінде өзім болдым деп,Кең пейілмен таласпа.Артық үшін айтысып,Достарыңмен санаспа,Білімім жұрттан асты деп,Кеңессіз сөз бастама.Жеңемін деп біреуді,Өтірік сөзбен қостама, – деп жақсы қасиеттерге үндейді. Осындағы кішіпейілділік пен қарапайымдылық адам баласының бойындағы ең көркем сипаттардың бірі. Қазіргі қоғамда кішіпейілділік танытып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете бастаса, оны жағымпаздық немесе қорқақтық деп қабылдайтындар да...