Нұрсұлтан Назарбаев: Бесігіміз түзелмей, несібеміз артпайды
Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі.Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ.Әйел өзін сенімді сезінген жерде – отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді.Әйелдің жағдайы қандай болса, қоғамның жағдайы да сондай...