Етектің мұңы
Етектің мұңы

Ертеден есін жиған Етек едім,
Қыздарды ар-ұятқа жетеледім.
Мен төмен түскен сайын тобық жаққа
Беделін бойжеткеннің көтеремін.
Қымтап ап сұлулықтың құпиясын
Мәңгілік қорғаштаумен өтер едім.
Кең етек кездей емес бірақ қазір
Жағдайым нашарлады өте менің.
Алқына аласарған күннен-күнге
Келемін күйін кешіп бетегенің.
Кіндікке қарыс-қарыс жақындап ап,
Ұяттан бетім басып жөтелемін.
Қайтемін, амалым жоқ, айлам да жоқ,
Ас қорытпай қиналған бөтегемін.
Қыздардың етек-жеңін жаба алмаған,
Ойпырм-ай, мен неғылған бөтен едім?!
Шырқырап, дауыс салып боздасам да
Кеселге осы біреу жете ме емім?!
Бар-жоғы бір жапырақ жамаудаймын
Қаңғырып, бәрін тастап кетер едім...
Бұдан да сорақы ғой, енді қайтем,
Етектің абыройы шетелдегі...
Қысқарып әбден бітті қоғамменен
Сүргенім өмір енді бекер менің.
Ай қарап жүр ме дейсің осындайда
Етегі ұзын болған шешелерім!
Қыздарын шолақ етек көріп, қолдан
Түсіріп алмас па екен кеселерін?!
Осылай менің жайым, уа, дариға,
Үйде де, далада да, көшеде мұң...

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ

Ерболат АйтбайұлыЕрболат Айтбайұлы
2 года назад 811
3 комментария
О блоге