Ашына
Ашына

Болмысыңа кәрі де, жас та күлген,
Сыйласатын шынайы достарың кем.
Қыздарға тән қылығың кеткен құрып,
Сығалайды жын-шайтан лас тәніңнен.

Жайбарақат сұлуым жайды етегін,
Ашынасы боп алдың бай көкенің?
Дәулетің кім көрсетсе күлімсіреп,
Әуретіңнің ұмыттың қайда екенін.

Жинай алмай жүрген соң есіңді көп,
Ұятыңның арқаны кесілді бек.
Құмарыңды қандырып кім көрінген,
Жастық етті төселген төсіңді кеп.

Саған солай ойларым тізілді өткір,
Уақытыңды өткіздің, қызым, көп кұр.
Қып-қысқа үстіңдегі киімің де,
Бұрымыңнан тырнағың ұзын боп тұр...

Көңіліңді көтеріп мәз қыласың,
Төгіп тастап бойыңнан назды басым.
Ышқырыңнан үш қырың көрінгенде,
Жігіттердің талайын азғырасың.

Көңіліңнің сақталар сыры күйген,
Ібілстің бұл күні құлы бейнең.
...Қырық үйдің қашырдың берекесін,
Тыйылмай “қызға айтылған қырық үйден…”

Жандарбек Жұман

Сурет baq.kz сайтынан алынды

Ерболат АйтбайұлыЕрболат Айтбайұлы
2 года назад 726
1 комментарий
О блоге