АҚЫЛДЫҢ ЖОЛЫ... (Ізгіліктен үгіттер)
АҚЫЛДЫҢ ЖОЛЫ... (Ізгіліктен үгіттер)

Адамдар көбінесе қатыгездеу, қисынсыз және өзімшіл келеді
Сен сонда да оларды кешір!

Ниетің адал болғанымен, адамдар сені өзімшіл және күмәнді деп кінәлайды
Сен сонда да адал ниетіңнен айырылма!

Жеңімпаз болсаң, жалған достар мен шын дұшпандар табарсың
Сен сонда да жеңімпаз болып қал!

Егер саф адал және саф жүректі болсаң, адамдар сені алдайды
Сен сонда да сафтығыңнан айырылма!

Сенің өмір бойы жасағаныңды біреулер бір сәтте құртуы мүмкін
Сен сонда да жасай бер!

Шын тыныштықты тапсаң және бақытқа кенелсең, сені күндейтіндер болады
Сен сонда да бақытты бола бер!

Бүгінгі жақсылықтарың ертең-ақ ұмытылады
Сен сонда да жақсылық жаса!

Ізгілік атаулыдан қолыңнан келгеннің бәрін жаса
Ізгіліктің жолында бол!

Бәрі сенімен Жаратушының арасында
Жаратушы ізгілік жасаушыларды жақсы көреді
ҰМЫТПА!

Ерболат АйтбайұлыЕрболат Айтбайұлы
2 года назад 560
2 комментария
О блоге